Аббас Әлиабади: Оманмен сауда айналымын жылына 3,5 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр
Жел 18, 2023 16:46 Asia/Almaty
Иранның Сауда, кен және өнеркәсіп министрі Аббас Әлиабади: "Бірінші кезекте Оманмен сауда айналымын жылына 3,5 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр. Бірақ зерттеулер көрсеткендей, өзара айналымды оп-оңай 5 млрд долларға жеткізе аламыз",-деді.
Аббас Әлиабади: "Есептеулер көрсеткендей, келесі жылы осы межеге қол жеткізуге болады",-деді.
Аббас Әлиабади Иранның саудагерлері мен кәсіпкерлерін жақсы дипломатиялық қарым-қатынасты ескере отырып, Оман сияқты елдердің әлеуеттерін пайдалануға шақырды. Сонда сауда дамып, нәтижесінде халықтың тұрмыс және жұмыс жағдайы жақсарады.
Тегтер