Амир Абдуллахиан: Сионистік режимнің үздіксіз қылмыстары ДАИШ-тен асып түсті
Жел 18, 2023 18:33 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимнің үздіксіз қылмыстарын ДАИШ-тен де ауыр деп атап, мұны масқара жеңілістерді өтеу үшін жасап жатқанын айтты.
Амир Абдуллахиан әлеуметтік желіде: "Газада соғыс басталғанына 70 күн болды. Сионистік режим ХАМАС-ты жоя алмады. Қарсыласу күштерін қарусыздандыра алмады. Сионистік тұтқындар соғыс арқылы азат етілмеді. Газа тұрғындарын мәжбүрлі түрде көшіру жобасы нәтиже бермеді",-деп жазды.
Иран Сыртқы істер министрі: "Әйелдер мен балаларға қарсы соғыс қылмыстары жалғасып жатқанына қарамастан, қазірі таңда Палестина – осы теңсіз шайқастың кесімді жеңімпазы",-деп жазды.
Тегтер