Амирабдуллахиан: Иран аумақтық тұтастығына қатысты ешбір тараппен  келіссөз жүргізбейді
(last modified Sat, 23 Dec 2023 10:54:30 GMT )
Жел 23, 2023 16:54 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан: Иран аумақтық тұтастығына қатысты ешбір тараппен  келіссөз жүргізбейді

Иран Сыртқы істер министрі Хұейн Амирабдуллахиан ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесуінде: «Теһран Иранның аумақтық тұтастығы мен егемендігі мәселелерін құрметтеу мәселесінде ешбір тараппен  келіссөз жүргізбейді",- деді.

  

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл телефон сұхбатында ол Мароккодағы Араб-Ресей ынтымақтастық форумының алтыншы отырысының мәлімдемесінің бір бөлігіне реакция білдіріп, ирандық үш аралды Иранның аумақтық тұтастығының ажырамас бөлігі деп: " Иран осыған байланысты кез келген тараптың кез келген мәлімдемесін толығымен жоққа шығарады",- деп айтты.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу-Теһран қарым-қатынасын стратегиялық деп атап: "ИИР-ның егемендігі мен аумақтық тұтастығын Ресей әрқашан құрметтеп келеді және Мәскеудің бұл ресми саясатына ешқашан күмәнданбау керек. Марокко отырысының қорытынды мәлімдемесін дайындау келіссөздерінде біз Иранның егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге анық назар аудардық",- деді.