Жел 24, 2023 22:21 Asia/Almaty

"Талайе" мен "Насир" қанатты зымырандары және электронды соғысқа арналған алғашқы барлаушы тікұшақтар Иран армиясы теңіз күштерінің оңтүстік флотына қосылды.

Иран армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Ирани "Талайе" мен "Насир" зымырандары туралы: "Талайенің ұшу ұзақтығы 1000 км-ден асады. Ол бағытын өзгертіп, нысананы таңдай алады. Нысанаға биіктен тұтқиылдан шабуыл жасай алады",-деді.

Адмирал Ирани: "Насирдің ұшу ұзақтығы да 1000 км-ден асады. Жоғары дәлдікпен жою қабілетіне ие. Әскери кемелер осы зымыранмен жарақтала бастады. Бүгін Насир зымыранымен жарақталған бір кеме теңіз күштерінің үшінші аймағына қосылды",-деді.

 

 

Тегтер