Жел 25, 2023 17:40 Asia/Almaty
  • Раиси: Хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.) ізбасарлары бала өлтіргіш сионистік режимді қолдамауы тиіс

Иран Президенті: "Жаңа жылдың басында барлық христиандар мен әлемнің ұжданы ояу бүкіл адамдары Газа секторында жасалып жатқан қылмыстар мен геноцидке жиіркенішін бар дауысымен білдіріп, Палестина халқына қарсы жасалып жатқан қорқынышты қылмыстарды тоқтатуды талап етсін",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні христиандар мен әлемде бір Аллаға сенетін барлық адамдарды хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.) туған күнімен құттықтап, әділеттік орнату және зұлымдықпен күресуді Алла елшісінің тағылымдарының бірі деп атап: "Қазіргі таңда өздерін хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.) ізбасарлары санайтын елдер қылмыс жасау, бала өлтіру және Палестина халқының құқықтарын таптауда сионистік режимді қолдап отыр. Ал хазірет Иса Мәсіх(ғ.) зұлымдыққа қарсы күресіп, әділеттіктің жаршысы болған",-деді.

Иран Президенті: "Кейбір Батыс елдерінің қолдауымен сионистік режим Газа секторында мұсылмандар мен христиандарға, мешіттер мен шіркеулерге шабуыл жасап жатыр",-деді.

Тегтер