Жел 25, 2023 20:53 Asia/Almaty
  • Иран Телерадио бірлестігінің басшысы: Қазіргі таңда Газада ондаған құжат дайындалып жатыр

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы: "Газа халқының көрген қиындығы, көрсеткен қарсылығы мен ержүректігін көрсету үшін қазіргі таңда ондаған құжат дайындалып жатыр",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пейман Джебели кеше кеше "Вахдат" концерт залында өткен "Газа" поэзия кешінде сөйлеген сөзінде: "Газаның азат етілетін кезі алыс емес. Палестиналықтардың жеңісін тойлайтын боламыз",-деді.  

Пейман Джебели: "Егер Палестина халқының көрген зорлық-зомбылығы туралы ондаған поэзия кеші өткізілсе де, аз. Ашурада да, таңылған соғыста да, Газа халқының қарсыласуында да өлең мен ерлік – егіз ұғым",-деді.

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Израильдің Газадағы қылмыстарын айыптап: "Қайғы мен сабырдың артында Палестинаның жеңісі мен бостандығына үміт бар",-деді.

Сонымен қатар осы кеште Иран Мәдениет және исламдық бағдар министрі Мұхаммедмехди Исмаили: "Иран әрдайым палестиналықтарды қолдайды. Ислам революциясының басынан осы күнге дейін қасиетті Құдсты азат ету биік арман ретінде баса айтылып келеді",-деді.

Мұхаммедмехди Исмаили израильдіктердің қылмыстары әлемде олардың абыройын төккенін айтып: "Өнер мен кинематография қайраткерлері Палестинаны қолдап келеді. Бұл өте маңызды",-деді.

"Газа" поэзия кешінде Иран Телерадио бірлестігінің оркестрі Газа мен Палестина халқына қолдау ретінде түрлі музыкалық шығармалар орындады.

Тегтер