Жел 27, 2023 19:25 Asia/Almaty
  • Иран мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері арасындағы әңгіме Кавказдағы оқиғаларға арналды

ИИР мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері сейсенбі күні кешкі телефон сұхбатында Оңтүстік Кавказдағы соңғы өзгерістер туралы пікір алмасты.

 

IRNA-ның хабарлауы бойынша, Хұсейн Амирабдуллахиан осы телефон сұхбатында Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік келіссөздерінің ілгерілеуін құптап, алдағы Арменияға алдағы сапарына тоқталып, ол тағы да Баку мен Ереван арасында тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін Иран Ислам Республикасының сындарлы күш-жігерін жалғастыруды қуаттады.

Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джехун Байрамов Иранның сындарлы ұстанымдарын бағалай отырып, Әзірбайжан мен Армения арасындағы келіссөздер үдерісін оң бағалап, екі ел арасындағы соңғы бітімгершілік келісімге жақын арада қол қойылады деген үмітін білдірді.

Сондай-ақ, осы телефон арқылы әңгімелесуде тараптар ағымдағы жылдың соңғы күндерінде Астрачай шекаралық көпірінің алғашқы ашылуын құптап, бұл көпір құрылысының екі ел арасындағы сауда қатынастарын дамытудағы маңыздылығын атап өтті.

 

Тегтер