Американың Иранға деген жалбарынған дипломатиясы: Біз соғысты  кеңейткіміз келмейді
(last modified Fri, 29 Dec 2023 10:21:35 GMT )
Жел 29, 2023 16:21 Asia/Almaty
  • Американың Иранға деген жалбарынған дипломатиясы: Біз соғысты  кеңейткіміз келмейді

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Газадағы соғысы басталғалы бері Иранға жалбарынған дипломатиясынан хабардар етіп: «Америкалықтар Иранға соғысты кеңейтуді көздемейтіндері туралы үнемі хабарламалар жолдады»,- деді.



Iran Press-тің мәліметінше, кеше (бейсенбі) Құм діни оқу орындары ұстаздары қоғамының 13-ші отырысында Амирабдуллахиан Газа секторындағы және «Әл-Ақса дауылы» операциясынан кейінгі   жағдай туралы айтты. Ол: «Америка бұл соғысты бар күшімен қолдап, Иранға біріншіден, біз соғыс ауқымын кеңейтуді көздеп отырған жоқпыз, екіншіден, аймақтағы прокси топтарыңызға Америкаға қарсы әрекет жасамауға кеңес береңіз деп үндеу жолдады. Америкаға әр кезеңде қатты жауап берілді, Американың жалған бет-бейнесі де осында көрінеді. Өйткені АҚШ соғысты кеңейтуді көздемесе, оның базалары Газа секторы деп аталатын шектеулі аймақ үшін тәулік бойы мұндай көлемдегі қондырғылар мен қаруларды жәбкрмейтін еді»,- деді.

Иранның дипломатиялық қызметінің басшысы Ақ үй билеушілерінің ортақ пікірге ие болып, сионистік режимнің сәтсіздікке ұшырағанын мойындайтынын және АҚШ-тың осы режимді жан-жақты қолдауына қарамастан, Израильдің жеңілісі қазір Американың жеңілісі ретінде есептелетінін еске салды. Бұл тақырып америкалықтар үшін негізгі сынаққа айналған мәселе.

 

 

Тегтер