Жел 29, 2023 21:52 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы 9 дей ерлігінің сақталуына баса назар аударды

Теһран жұма намазының имамы 9 дейдегі ерліктің сақталуына баса назар аударып: "Ислам революциясы жетекшісінің стратегиялық шаралары мен шыдамдылығы және халықтың 9 дей шеруіне жаппай қатысуы Иранды 1388 жылғы қауіпті фитнадан құтқарды",- деді.

 

Теһран жұма намазының имамы Мұхаммад Джавад қажы Әли Акбари  бүгінгі жұма намазы уағыздарында: «Біз дей айының 9-шы күнін ұмытпауымыз керек және қырағылықпен бүлікшілерге жолды жабуымыз керек. Хижраның 88-ші жылғы америкалық бүлікте Иранның ант жаулары сайлауға дейін табысқа жетпесе, сайлаудан кейін кірісеміз деп дайындалған болатын. 88-ші (2008) жылы   революциядан кейінгі ең қауіпті бүлік болды",- деп мәлімдеді.

Әли Акбари 1402 жылы эсфанд айында (наурызда) өтетін Діни жетекші Хобрегон мәжілісі (Экперттер кеңесі) мен Иран Ислам кеңесінің мәжілісінің сайлауына тоқталып, Ислам революциясы жетекшісінің   сайлауға қатысу, бәсекелестік, денсаулық және қауіпсіздікке қатысты төрт стратегиясын еске салып, былай деп қосты: "Халықтың мүддесі қорғалатын сайлау өте маңызды".

Ол сондай-ақ Теһрандағы жұма намазының уағыздарының тағы бір бөлімінде революция жетекшісінің сәрсенбі күні әйелдермен кездесуіндегі мәлімдемелеріне сілтеме жасап: «Бүгінгі әйелдің болмысын жойып, тірідей көму – қазіргі надандықтың ерекшелігі",- деп айтты.   

1388 жылдың 9-шы күні (2009 жылдың 30 желтоқсаны) миллиондаған ирандықтардың қоғамның құрылымдық бұзушыларына қарсы өздерінің кінәсіздігін жариялау шеруін еске түсіру және сылтаумен теріс жолға түскен бүлікші элементтерге шешуші жауап болды. Ирандағы президенттік сайлаудың 10-шы мерзімінде алаяқтық жасады деген сылтаумен олар қате жолға түсті.

Тегтер