Жел 31, 2023 19:28 Asia/Almaty
  • Иранда ұшақ жасау – санкцияларды әсерсіз қалдыруға бағытталған үлкен қадам

Ирандық мамандардың қолымен ұшақ жасау Иранға қарсы санкциялардың көбін әсерсіз қалдырады.

Иранға ұшақ сатуға салынған санкция Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін АҚШ пен батыстық одақтастардың Иран халқына қарсы шараларының бірі болды.

Иранның авиация ұйымының басшысы Мұхаммед Мұхаммедбахш: "Ұшақ жасайтын зауыт ашатынымызды мақтанышпен жариялаймын. Әлем елдерімен келіссөздерде осы мәселені көтердік",-деді.

Иран Ислам Мәжілісі Кеңесінің кен және өнеркәсіп комиссиясының баспасөз өкілі Рухолла Джани Аббаспур елде ұшақ жасау зауыты салынатыны туралы: "Әскери ұшақ жасай алатын ел жолаушы тасымалдайтын ұшақ жасай алатыны анық. Аймақта қалыптасқан жаңа жағдайды ескере отырып, Иран жолаушы тасымалдайтын ұшақ жасау әлеуетіне ие. Жақсы қарым-қатынасымыз сақталған кейбір елдермен әріптесе отырып, осы мақсатқа жылдамырақ жете аламыз",-деді. 

Тегтер