Ислам революциясы жетекшісінің діни оқу орындарының ұстаздары және шәкірттерімен кездесуінде сөйлеген сөзі
(last modified Sun, 15 May 2016 10:20:58 GMT )
Maм 15, 2016 16:20 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің діни оқу орындарының ұстаздары және шәкірттерімен кездесуінде сөйлеген сөзі

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Теһранның діни оқу орындарының ұстаздары мен шәкірттерінің бір тобымен кездесуінде қазіргі әлемдегі діни қызметкерлердің рөлі мен диктаторлыққа қарсы әрі азаттықты сыйлайтын қозғалыстарды түсіндірді.

Хазірет аятолла Хаменеи қоғамдағы діннің орны, үлемдердің осы саладағы рөлі туралы: «Егер бір қоғамға қажетті мамандарының барлығы ең жақсы деңгейде болып, бірақ қоғамы діни болмаса, сол ұлт осы дүние мен ақыретте шынайы өкініш пен қиындықтарға душар болады. Қоғамды діни қоғамға айналдыру міндеті үлемдер, діни қызметкерлер мен діни шәкірттердің мойындарына жүктелген»,-деп, діни жетекшілік ұғымын исламның пәк идеяларын түсіндіру деп атады. Ислам революциясының жетекшісі виртуалды ақпараттық кеңістіктің дінді бұрмалаушылықтарды көбейтуге әсері мен жастардың санасына бұрмаланған ойларды сіңіруге бағытталған саяси стимулдың барын айтып: «Бұл алаң – шынайы соғыс алаңы. Діни қызметкерлер мен діни шәкірттер шынайы таныммен қаруланып, бұрмаланған ойлармен күресуі тиіс»,-деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі реакцияшыл фанатизмге негізделген әрі рухани ақиқаттарды түсінбейтін исламды бұрмаланған ойлардың шынайы көрінісі деп атап: «Бұл қайшының екінші қырында «нағыз исламмен» күресуге бағытталған эклектикалық ислам мен америкалық ислам тұр»,-деп қуаттады.

Тәкфирлік және лаңкестік ағымдардың белсенділіктері шарықтау шегіне жеткен шақта бір топ Батыстың либералистік ойларына иек арту арқылы тәкфирлік және лаңкестік ағымдармен күресе аламыз деп ойлайды, ал бұл жағдайда тәкфирлік және лаңкестік ағымдармен күресудің жолы Мұхаммад пайғамбар (с.ғ.с) таратқан исламның пәк идеяларын қайта жандандыру болып табылады. Әділет пен бейбітшілік талап ету, барлық илаһи дін өкілдерінің тату тіршілігін талап ету ойы – оның негізгі өзегі. Ислам пайғамбары (с.ғ.с) ешқашан құтқару, әділет орнату және таухидті зорлықпен жарнамалап, таратпаған. Исламның қылышы тек мұсылмандармен соғысуға келген кәпірлермен күресуге бағытталды. Хазірет аятолла Хаменеи өзінің сөздерінде әрдайым екі ағым – тар ойлайтын фанатистік ағымдар мен эклектикалық исламды таратушыларға қатысты қырағы болу қажеттігін айтады.

Ислам революциясының жетекшісі діни оқу орындарының ұстаздары мен шәкірттері алдында сөйлеген сөзінің басқа бір бөлігінде діни қызметкерлер мен үлемдердің Иран мен әлемдегі құтқарушы қозғалыстардағы рөліне тоқталып, діни оқу орындарының революцияшыл сипатта сақталып қалу қажеттігін айтып: «Конституциялық және ұлттық қозғалыс дінбасылар ұдайы қатыспағандықтан өз мақсаттарына жетпеді, бірақ имам Хомейнидің (р) жетістігі дұшпанға ұлы революциялық қозғалысқа және одан кейін дінбасылардың қатысуын тоқтатуына жол бермеуінде жатыр. Өйткені кері жағдайда революция жеңіске жетпес еді, ислам республикасы өзінің жолын жалғастыра алмас еді. Ирандағы конституциялық қозғалыс пен мұнайды ұттандыру қозғалысының жеңіліс табуының бір дәлелі дінбасылар мен үлемдерді шетке ысыру болды. Алайда Ислам революциясының жеңісі барысында Иран халқы диктаторлыққа қарсы әлеуметтік және саяси қозғалыстың екі тәжірибесін назарға ала отырып, имам Хомейни (р.) бастаған азаттықты талап етуші дінбасылардың айналасына жиналды»,-деді. Хазірет аятолла Хаменеи Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы диктаторлық елдердегі исламдық ояну қозғалысының сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебін діни жетекшінің болмауында деп санайды. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасынша, исламдық ояну зілзаласында да дін халықты алаңға шығарды, бірақ бұл елдердегі діни аппараттар бір-бірінен алшақ болғандықтан бұл іс жалғасын таппай, ояну қозғаолысы тиісті нәтижеге жетпеді. ИИР-да үлемдер мен дінбасылардың қатысуының жалғасуы және ақырында халықтың әртүрлі сахналарға атсалысуы ислам революциясының жалғасын тауып, өркендеуіне мүмкіндік жасады.