Қаң 04, 2024 17:58 Asia/Almaty
  • Бүгін Иранда қаралы күн

Керман қаласында болған лаңкестік жарылыстардан кейін Иран үкіметі бүгін, бейсенбі күнін жалпы аза тұту күні деп жариялады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран үкіметі Керман қаласында болған лаңкестік әрекетті айыптап, оқиғада қаза болғандарға байланысты халыққа көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Кеше сардар қажы Қасым Сүлейманидың шәһид болғанына 4 жыл толуына орай Керманның шәһидтер зиратында өткен рәсімде лаңкестік жарылыстар болды. Соның салдарынан 84 адам қаза тауып, 284 адам жараланды.

Бұл жарылыстарға жауапкершілікті әлі бірде-бір адам немесе топ өз мойнына алмады.    

 

Тегтер