Қаң 04, 2024 18:24 Asia/Almaty
  • Ертең, жұма күні Керманда болған лаңкестік жарылыстан қаза тапқандардың жаназасы шығарылады

Керманның шәһидтер зиратына барар жолда болған лаңкестік жарылыстан қаза тапқандардың жаназасы ертең, жұма күні шығарылады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Керман облысының әкімі Мұхаммед Мехди Фадакар лаңкестік оқиғада қаза тапқандардың көбі кермандықтар екенін айтып: "Керманның шәһидтер зиратына барар жолда болған лаңкестік жарылыстарда 84 адам қаза тауып, 284 адам жараланды",-деді.  

Керман облысының әкімі: "Ертең сағат 09:30-да Керманның Имам Әли (ғ.) атындағы "Мосалла" кешеніне қарай баратын Газа қиылысында осы лаңкестік оқиғада шәһид болғандардың жаназасы шығарылады. Содан кейін Керман шәһидтері осы қаланың зиратында жерленеді, ал қалған шәһидтер басқа облыстар мен қалаларға тасымалданады",-деді.

Тегтер