Қаң 04, 2024 18:40 Asia/Almaty
  • Қылмыскерлер Сүлеймани жолындағы сарбаздар олардың зұлымдықтары мен қылмыстарына шыдамайтынын білсін

Ислам революциясының жетекшісі шәһид Сүлейманидың мазарына зияратқа барған бір топ адамның шәһид болғанынан кейін: "Қылмыскерлер Сүлеймани жолындағы сарбаздар олардың зұлымдықтары мен қылмыстарына шыдамайтынын білсін",-деді.

Аятолла Хаменеи тас жүрек қылмыскерлердің ұлы қолбасшы генерал Қасым Сүлейманидың қасиетті кесенесіне барған халықтың құштарлығы мен құлшынысына шыдай алмағанын айтып: "Жазықсыз адамдардың қанына боялған қолдар мен оларды осы қателікке итермелеген азғын да зұлым адамдар бұдан былай басып-жаншу мен әділ жазаның нақты нысанасы болады. Олар бұл қылмысқа ауыр жауап берілетінін білсін",-деді.  

Аятолла Хаменеи Керманда болған лаңкестік жарылыстан бір топ ирандықтың шәһид болғанына байланысты көңіл айтып, жараланғандарға тілеулестік білдірді. 

Тегтер