Қаң 05, 2024 16:34 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами: Иран Керманда лаңкестік шабуыл жасағандардан кесімді түрде кек алады

Генерал-майор Салами бүгін түске дейін имам Әли(ғ.) кешенінде Кермандағы лаңкестік жарылыстардың құрбандарымен қоштасу рәсімінде: "Бұл қылмыстар – соңғы жылдарда үстемшілдер мен олардың аймақтағы одақтастарының ауыр жеңілістерге ұшырағанына реакциясы",-деді.

Ол ДАИШ-ке: "Сендер бір бейкүнә баланы өлтірудің бүкіл адамзатты жоюмен барабар екенін білесіңдер. Құран оқып, жаттайтын сендер тозаққа баратындардың алдыңғы сапында тұрғандарыңды білесіңдер ме? Қайда болсаңдар да, біз сендерді тауып аламыз! Жасырыну арқылы Алланың азабынан құтыла алмайтындарыңды біліңдер. Мың жыл өмір сүрсеңдер де, сендерді тауып аламыз",-деді.

Сақшылар корпусының қолбасшысы: "Иран халқы қазір бір үлкен шайқас жүріп жатқанын білсін. Біз оларды күнде жеңіліске ұшыратамыз. Жаудың үстем болуына жол бермейтінімізге сенімді болыңыз. Жаңа шыңдарды бағындырамыз",-деді.

Генерал-майор Салами: "Иран халқының қолы байлаулы деп ойламаңдар. Құдай жауларымызға қарсы қолымызды босатып берді. Біз соңғы бірнеше онжылдықта АҚШ деген алпауытпен нағыз шайқас жүргіздік. Бірақ осы шайқастардың бәрінде біз Американы масқара жеңілістерге ұшыратып отырдық",-деді.

Тегтер