Қаң 05, 2024 18:46 Asia/Almaty
  • Раиси: Кермандағы лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар үшін кек алынатыны сөзсіз

Раиси Кермандағы лаңкестік шабуылдан қаза тапқандардың жаназасын шығару рәсімінде: "Халықтың ислам республикасын қолдауы дұшпанның үмітін үзді. Сондықтан олар кінәсіз адамдарды өлтіруге бет бұрды",-деді.

Иран Президенті дұшпанның сардар Сүлейманың аймақта қауіпсіздік орнатудағы рөліне өш екенін айтып: "Дұшпан Израиль мемлекетін құрғаннан кейін ДАИШ және өз дайындаған ағымды ислам халифаты ретінде аймаққа билік жүргізіп қоямын деп ойлады. Бірақ шәһид Сүлеймани олардың жоспарларының күлін көкке ұшырды",-деді.

Раиси Керман халқының қырағылығын мадақтап: "Жауапты басшылардың осындай құрбандық пен жанпидалықтағы сынағы өте ауыр. Сондықтан жауапты басшылар таза ықыласпен халыққа қызмет етулері тиіс",-деді.   

 

Тегтер