Қаң 06, 2024 17:30 Asia/Almaty
  • Кермандағы терактіде шәһид болғандар саны артты

Кермандағы лаңкестік жарылыста жарақат алған тағы екі адам шәһид болды.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Керман төтенше жағдайлар департаменті Кермандағы Шәһидтер зиратындағы лаңкестік қылмыста жараланған сегіз жасар Таха Шадкам мен 60 жастағы Саид Шахнавазидің сенбі күні таңертең  шәһид болғанын хабарлады. Бұл лаңкестік шабуылда екі жаралының шәһид болуымен шәһидтер саны 91 адамға жетті.

Кермандағы лаңкестік жарылыстарда шәһид болғандарды жерлеу рәсімі жұма күні кешке халық пен ұлттық және провинциялық лауазымды тұлғалардың көп қатысуымен өтті.

 

Тегтер