Амир Абдуллахиан: Сионистік режимнің бірде-бір мақсаты орындалмады
Иран Сыртқы істер министрі: "Сионистік режимнің Газаға шабуылдан көздеген бірде-бір мақсаты орындалмады",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан жексенбі күні үкімет жиналысында Газадағы соңғы жағдай туралы есеп беріп: "Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауы тұрғындарының табандығы қарсылығының арқасында сионистік режим өткен 90 күннің ішінде алға қойған ХАМАС-ты жою, қарусыздандыру және тұтқындарды палестиналық топтардың қолынан босатуға қатысты бірде-бір мақсатын орындай алмады",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі: "Сионистер сыртқа бет бұрып, Бейрутте ХАМАС-тың саяси кеңсесі басшысының орынбасары Салех әл-Аруриды террорлау арқылы жеңіске жеткендей сыңай танытты",-деді.
Амир Абдуллахиан: "Қазір сионистік режимнің Министрлер кабинетінде қайшылық туындаумен қоса, АҚШ-тың ішінде соғысты қолдау тәсіліне қатысты пікір қайшылығы пайда болды. Ақ үйдің сионистік режимге толық қолдау білдіруінің қателік екені айтылды",-деп еске салды.