Кадходаи: Дұшпан Керманда лаңкестік қылмыс жасау арқылы әлі күнге дейін шәһид Қасым Сүлейманиден қорқатынын көрсетті
Шәһид қажы Қасым Сүлейманиге жасалған террор ісін халықаралық құқық тұрғысынан бақылау жөніндегі арнайы комитеттің басшысы: "Аймақтың езілген халқын, соның ішінде жапа шеккен әйелдер мен балаларды қорғау және аймақты ДАИШ лаңкестік тобынан тазарту шәһид қажы Қасым Сүлеймани мен оның майдандастарының табанды қарсыласуының арқасында жүзеге асты",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Аббасәли Кадходаи жексенбі күні "Майдан адамы – адам құқығын қорғаушы" атты халықаралық форумда шәһид қажы Қасым Сүлейманиды еске алу рәсімі барысында Керманда көптеген азаматтардың қаза тапқанына көңіл айтып: "Дұшпан Керманда лаңкестік қылмыс жасау арқылы әлі күнге дейін шәһид Қасым Сүлейманиден қорқатынын және осы шәһидтің тигізген әсеріне алаңдайтынын көрсетті. Шәһид Бехешти айтқандай, ызадан өліңіздер. Ешқашан жақсылық көрмейсіздер. Біздің шәһидтер, соның ішінде шәһид Сүлейманидың жолы мәңгіге жалғаса береді",-деді.
Аббасәли Кадходаи: "Шәһид Сүлеймани – джиһад пен қарсыласу майданының адамы. Бұл ешкімге жасырын емес. Таңылған соғыс кезінен бастап-ақ ол майдан адам болды. Оның еңбегі Иран, аймақ және әлем халықтарына аян",-деді.