Қаң 09, 2024 00:59 Asia/Almaty
  • Қасиетті қорғаныс құндылықтары жайлы еңбектерді сақтау және тарату қоры жетістіктерінің көрмесі басталды

Қазвинде ИИР Қарулы күштерінің бас штабы басшысының қатысуымен Қасиетті қорғаныс құндылықтары жайлы еңбектерді сақтау және тарату қорының виртуалды кеңістіктегі 3 жетістігі таныстырылды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл көрмені өткізудегі мақсат – жұмыстардың тиімді болуы үшін Қордың саясаты мен өзгерістерін түсіндіру және жол картасын жасау, сондай-ақ Қасиетті қорғаныс құндылықтарын сақтау және тарату бойынша тиісті шешім жолдарын зерделеу.  

Қазвин облысының Қасиетті қорғаныс құндылықтары жайлы еңбектерді сақтау және тарату қоры виртуалды кеңістікте "Шафақ" операциясын модельдеп "Метаверс" жобасын жасады. Онда ұшқыш Аббас Бабаимен бірге әскери ұшаққа отырып, операция аймағына баруға болады.

Бұл көрмеде Ислам революциясының президенті шәһид Мұхаммедәли Раджаидың үш өлшемді голограммасы таныстырылды. Жасанды интеллектіні пайдалану арқылы адамдар түрлі тақырыпта голограммамен сұхбаттаса алады.  

Қазвин облысының шәһидтеріне арналған ескеркіштерге 360 градуста виртуалды зиярат жасау –  Қасиетті қорғаныс құндылықтары жайлы еңбектерді сақтау және тарату қорының тағы бір жетістігі.  

ИИР Қарулы күштерінің бас штабы басшысы генерал-майор Мұхаммед Бағери осы рәсімде: "Заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы жоспарлы түрде Қасиетті қорғаныс пен қарсыласу өзегінің бай мәдениетін жастарға жеткізе алуымыз керек",-деді.  

Тегтер