Ислам революциясының жетекшісі: Адамдарды сахнадан шығару – Иран жерінің дұшпандарының стратегиясы
(last modified Tue, 09 Jan 2024 12:00:01 GMT )
Қаң 09, 2024 18:00 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Адамдарды сахнадан шығару – Иран жерінің дұшпандарының стратегиясы

Ислам революциясының жетекшісі адамдарды сахнадан шығаруды Иран жерінің дұшпандарының стратегиясы деп атады.

 

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, сейсенбі күні   1356 жылы 19 дей (1978 ж. 9 қаңтар) тарихи көтерілісінің жылдығына орай Құм халқымен кездесуінде тәуелді және езгіші тағут режимін құлатуды халықтың сахнада болуының нақты нәтижесі деп санап: "Адамдарды сахнаға шақырудағы мақсат – исламдық басқару, исламдық абырой, толық жақсылық пен ұлтты көтеру және тәкаппарлыққа қарсы тұру",- деді.

Аятолла Хаменеи Газа секторын халықтың ұлы күшінің нақты үлгісі деп тауып: "Кішкентай жердегі азғантай адамдар тобы АҚШ-ты оның барлық уәждерімен және Америкаға асылған сионистік режимді өзінің сабыр мен табандылық күшімен сәтсіздікке ұшыратты",- деп айтты. Ислам революциясының жетекшісі сионистердің үш айлық қылмыс пен балаларды өлтіруін тарихтағы ұмытылмас оқиға атап: "Бұл режим жер бетінен  жойылғаннан кейін де оның бұл қылмыстары ұмытылмайды. Күндердің бірінде бұл өңірде билік басына әлдекімдер келіп, бірнеше аптаның ішінде мыңдаған баланы өлтіргені тарихта жазылады. Бірақ Палестина халқының шыдамдылығы мен қарсыласуы оларды шегінуге мәжбүр етті",- деп айтты.

Ислам революциясының жетекшісі Құм халқымен кездесті

Аятолла Хаменеи шетелдік БАҚ-тың адамдарды, әсіресе жастарды болашақтан тайдыру әрекетін адамдарды сахнадан шығарудың басқа амалдарының бірі деп санап: "Жағымсыз жайттарды жалпылау немесе асыра сілтеу, саяси іс-шаралар мен сайлауға қатысудың бекер екенін насихаттау, экономикалық қиындықтарды көрсету олардың жарнамалық әрекеттеріне жатады",- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи "державалардан, Америка мен сионистік режимнен қорқытуы адамдарды алаңнан қуудың тағы бір айласы болды" деп: "Егер Иран халқы белгілі бір күштен қорқатын болса, Ислам Республикасы бұдан былай болмайды. Бұған қоса, бүгінде аймақта үстемдік жүргіземіз деген державалардың көбі Иран халқынан қорқады",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі қажы Қасым Сүлейманидің шәһид болуының төрт жылдығында халықтың көп жиналуын, 22-ші Бахман және Құдс күні шерулерге адамдардың жаппай қатысуын және   халықтың 9 қаңтар сынды илаһи күндерде жиналуын халықтың майданға қатысуға дайын екендігінің айқын белгілері деп біліп: "Иран халқы мақтан тұтатын қолбасшының шәһид болған күнінің жылдығында зиярат ету үшін Керманға алыстан келді және қайғылы оқиғаға қарамастан, халықтың жиыны ертең де дәл осындай қарқынды, күш және жігермен жалғасты",- деп баса айтты.