Қаң 10, 2024 17:21 Asia/Almaty
  • Қалибаф:  Оянған ар-ұждан сионистік режимнің қылмыстарына бей-жай қарай алмайды

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы жасаған қылмыстарына ешбір ар-ождан бейжай қарай алмайтынына тоқталып: "Палестиналықтарға қарсы қылмыс тек Палестина мен Ислам елдеріне қатысты мәселе емес, ол бүкіл әлемге қатысты",- деп баса айтты.

 
Палестинадағы оқиғаларға арналған Ислам елдері Парламентаралық одақ отырысының ашылуында Мұхаммад Бақер Қалибаф барлық қатысушылар мен қонақтарды қарсы ала отырып, осы отырысты өткізу үшін қажетті үйлестіру үшін Алжир Ұлттық Мәжілісінің әрекеттерін жоғары бағалады.

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы: "Оянған ар-ұждан сионистік режимнің қылмыстарына бей-жай қарай алмайды. Палестиналықтарға қарсы қылмыс Палестина мен ислам елдеріне қатысты мәселе емес, ол бүкіл әлемге қатысты",- деді. Қалибаф: "Батыстың жемқор және пісіп-жетілмеген перзенті ретінде сионистік режим ешқандай жауапкершілік пен есеп беруден ада болды",- деп ай тты.

Ислам кеңесінің төрағасы: "Өкінішке орай, Батыстағы дәл сол интеллектуалдық жүйе аймақта толық әділетсіздікке ұрындырды. Тарихи тәжірибе сионистік режимнің палестиналықтарды басқа аймақтарға көшіру шешімін анық көрсетеді",- деп мәлімдеді. Қалибаф сионистік режимнің ислам үмбетінің ішкі дұшпаны ретінде исламдық елдермен қарым-қатынас орнатуды тек өзіне құрал ретінде қарастыратынына назар аудартып: "Ибраһим келісімі сияқты жоспарларды жүзеге асырудың Палестина ісі үшін талпыныстар алдында алауыздық тудырудан басқа нәтиже бермейтіні жасырын емес",- деді.  

  
  
 

 

Тегтер