Қаң 10, 2024 17:31 Asia/Almaty
  • Палестина Парламенті төрағасының орынбасары: Сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру - Палестина халқын өлтіруді жалғастыруға рұқсат  

Палестина Ұлттық Мәжілісінің төрағасының орынбасары ислам елдерінің Палестина халқына қолдау көрсетуі керектігіне тоқталып: «Кейбір исламдық елдердің сионистік режиммен екіжақты қарым-қатынастарын қалыпқа келтіруі Палестина халқын өлтіруді жалғастыру үшін рұқсат болып табылады",- деді.

 

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Фахми әл-Заарир Ислам елдері аралық кеңесінің отырысында: "Палестина халқының құқығы бұзылып, Газаға жасалған шабуылдан бері 96 күнге жуық уақыт өтті және осы уақыт ішінде халыққа бірнеше тонна жарылғыш зат лақтырылды. Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдста шабуылдарын жалғастыруда. Бұл қылмыстар сегіз мыңнан астам адамның із-түссіз жоғалуына, 65 мың үйдің қирауына, тұрғын үйлердің қирауына және көптеген жаралылардың болуына себеп болды. Бұл шабуылдар нәтижесінде мешіттер, шіркеулер мен инфрақұрылымдар қирап, 1 миллион 900 мыңға жуық адам Газадан көшуге мәжбүр болды. Біз Бас Ассамблея мен Адам құқықтары ұйымынан Израильдің адамзатқа қарсы қылмыстарын қарастыруды сұраймыз",- деп мәлімдеді.

 


 

 

 

Тегтер