Қаң 10, 2024 18:42 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан Американың Йеменге қарсы қарарды бекіту әрекетін сынады

Иран Сыртқы істер министрі Ресей Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесуінде АҚШ-тың Қызыл теңіздің қауіпсіздігін қорғау сылтауымен Йеменге қарсы қарар қабылдау әрекетін сынап, оны аймақтағы және Қызыл теңіздегі американдық әскерилердің көбірек болуының негізі деп атады.

 
 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амирабдуллахиан Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескен кезде АҚШ-тың Қызыл теңіздің қауіпсіздігін қорғау сылтауымен Йеменге қарсы қарар қабылдау әрекетін сынап, халықаралық теңіз қауіпсіздігінің маңыздылығына тоқталып: " Қызыл теңіздегі оқиғалар Газа секторымен және Америка Құрама Штаттары мен Израиль режимінің Палестинаға қатысты мінез-құлқымен байланысты және мұндай қарарды ұсынуда бұл аймақ пен Қызыл теңізде американдық әскерилердің көбірек болуы үшін негіз болып табылады",- деді. Иран Сыртқы істер министрі Газаға жасалған шабуылдар мен езілген Палестина халқының қырылуын тоқтату қажеттігін қуаттады.

Ресей Сыртқы істер министрі де АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесінде Йеменге қарсы соңғы әрекеттерін аймақта кеңірек болу үшін сылтау деп атап: "Америкалықтар дағдарыстардың түпкі себептерін табуға аса қызығушылық танытпайды",- деді. Лавров: " Иран сияқты біз де аймақта бейбітшілік орнатуды, Газа секторындағы соғысты тоқтатуды және Палестина мемлекетінің құрылуын талап етеміз",- деп баса айтты.

 

Тегтер