Раиси: Палестина әлемнің басты мәселесіне айналды
(last modified Sun, 14 Jan 2024 16:14:41 GMT )
Қаң 14, 2024 22:14 Asia/Almaty
  • Раиси: Палестина әлемнің басты мәселесіне айналды

Иран Президенті "Әл-Ақса дауылы" атты халықаралық конференцияда: "Палестина адамзат баласының басты мәселесіне айналды",-деді.

Iran Press арнасының хабарлауынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні Теһранда басталған "Әл-Ақса дауылы және адамзат ұжданын ояту" атты алғашқы халықаралық конференцияда: "Иран Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни(р.) айтқандай, Палестина – ислам әлемінің басты мәселесі. Қасиетті Құдсты азат ету – ислам әлемі үшін басты басымдық. Бүгінгі конференция ислам әлемінің ең маңызды тақырыбы, яғни Палестина мәселесін талқылау үшін ұйымдастырылып отыр",-деді.

Иран Президенті Палестина мәселесін шешу жолын табанды қарсыласу деп атап: "Егер зұлым ағым қисын мен келіссөзге келіспесе, оларға қарсы жалғыз қисын қарсыласу болмақ",-деді.

Раиси: "Дәл қазір әл-Ақса майданының жеңімпазы – Палестина. Бұл майданда жеңілген – сионистік режим мен оның демеушілері",-деді.

Раиси басқыншылықты тоқтатып, басқыншыларды жазалап, шығындарды өтету керегін айтып: "Басқыншылықты жалғастыру заңдылық пен егемендік тудырмайды",-деді.

Иран Президенті: "Сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандыру аймақ елдері үшін де, сионистік режим үшін де қауіпсіздік тудырмайды",-деді.

Раиси сөз соңында: "Палестина тек ислам үмбетінің мәселесі емес, әлемдік мәселеге айналды",-деді.