Йеменге шабуыл АҚШ-тың шынайы болмысын көрсетті
(last modified Mon, 15 Jan 2024 12:48:06 GMT )
Қаң 15, 2024 18:48 Asia/Almaty
  • Йеменге шабуыл АҚШ-тың шынайы болмысын көрсетті

Иран Президенті әлем елдері үшін халықаралық кеме қатынасы жолдарының қауіпсіздігін сақтау саясатын ұстану керегін баса айтып: "Йеменге шабуыл АҚШ-тың адамзатқа қарсы және агрессивті болмысын көрсетті",-деді.

Ибрахим Раиси Йеменнің жоғары саяси кеңесінің басшысы Махди әл-Машатпен телефон арқылы  сұхбаттасып, осы ел халқының Палестина халқын қолдаудағы батылдығын мадақтап, әлем елдері үшін халықаралық кеме қатынасы жолдарының қауіпсіздігін сақтау саясатын ұстану керегін баса айтты.

Иран Президенті сондай-ақ сионистік режимді ондаған мың бейбіт палестиналық, соның ішінде әйелдер мен балаларға қарсы қылмыс жасағаны үшін геноцид жасаушы режим деп атап, оның әлем халықтары тарапынан айыпталғанын айтты.

Ибрахим Раиси АҚШ-тың Йеменге шабуылын айыптап, мұны АҚШ-тың адамзатқа қарсы және агрессивті болмысын әшкерелеген әрекет деп атап: "Жылдар бойы бөгделердің басқыншылығына төтеп берген және қазір Палестина халқын қорғауда әсерлі рөл ойнап жатқан халыққа қарсы мұндай шабуыл жасау әлемнің азат халықтары тарапынан айыпталатыны күмәнсіз",-деді.

Иран Президенті Палестина халқын қолдауды ИИР-дың түбегейлі позициясы деп атап: "Сионистердің зұлымдығы да Палестина халқының жеңісімен аяқталады",-деді.