ИИР Президенті Иран мен  Үндістан арасындағы келісімдердің орындалуын қадағалап, тездетуді қуаттады
(last modified Tue, 16 Jan 2024 11:40:36 GMT )
Қаң 16, 2024 17:40 Asia/Almaty
  • ИИР Президенті Иран мен  Үндістан арасындағы келісімдердің орындалуын қадағалап, тездетуді қуаттады

ИИР Президенті Чабахар айлағын дамыту жоспарын қоса алғанда, Иран мен Үндістан арасында жасалған келісімдердің орындалуын жалғастыру және жеделдету туралы баса айтты

.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси кеше дүйсенбі күні Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманьам Джайшанкармен кездесуінде екі ел арасындағы тамыры терең қарым-қатынастарға тоқталып, Иран мен Үндістанның  жоғары лауазымды тұлғаларының түрлі саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, көлік және энергетика салаларындағы қарым-қатынастарды дамыту және деңгейін арттыру мақсатындағы ерік-жігерін орындауға күш салуға тоқталды.

Раиси сионистік режимнің Газа секторында жасаған қылмыстарын соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстардың айқын мысалдары деп сипаттап: "Сионистік режимнің Газа секторына шабуылдарын тоқтату, сионистік режимді жазалау және Палестина халқының құқықтарын орындау - аймаққа тұрақтылық пен қауіпсіздікті қайтарудың жалғыз жолы. Үндістан үшін сионистік режимнің Газа секторындағы шабуылдарын тоқтату, бұл жолақтың қоршауын алып тастау және Палестина халқының құқықтарын жүзеге асыруда рөл атқаруы маңызды",- деді.

Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманьам Джайшанкар да Иранның оңтүстігіндегі Керман қаласында болған жуырдағы лаңкестік оқиғадан кейін Иран үкіметі мен халқына көңіл айтып,  ИИР Президентінің аймақ елдерімен қарым-қатынасты дамыту және Үндістанмен қарым-қатынаста елеулі өзгерістер жасау жолындағы күш-жігеріне ризалығын білдірді.