Қаң 16, 2024 19:10 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан: АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге қарсы шабуылдары аймақтағы шиеленістің күшеюіне әкеліп соқтырады

ИИР Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесуінде АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге жасаған шабуылдарын аймақтағы шиеленістердің ұлғаюына әкелетін стратегиялық қателік деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Хұсейн Амирабдуллахиан  дүйсенбі күні кешке  Антонио Гутерришпен  телефон арқылы сөйлесіп, оның Газа секторындағы езілген Палестина халқын өлтіруді тоқтату қажеттілігіне қатысты талпыныстары мен ұстанымдарын жоғары бағалай отырып, сионистік режимнің Газа секторына және Америка мен Ұлыбританияның Йеменге қарсы шабуылдарын тоқтату қажеттілігін тағы да қуаттады.

 

Тегтер