Қаң 18, 2024 21:53 Asia/Almaty
  • Систан мен Белуджистан облысында Сақшылар корпусының бір қызметкері қаза тапты

Систан мен Белуджистан облысында Хаш-Захедан жолында болған лаңкестік әрекетте Сақшылар корпусының қызметкері полковник Хұсейнәли Джаведанфар оққа ұшып қаза тапты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Джейш әл-зұлым" лаңкестік тобының Систан мен Белуджистан облысындағы Хаш-Захедан жолында жасаған лаңкестік әрекетінде іссапардан қайтып келе жатқан Сақшылар корпусы қолбасшысының Сераван бойынша орынбасары полковник Хұсейнәли Джаведанфар қаза тапты.

Осы лаңкестік әрекетті жасағандар іздестіріліп жатыр.  

 

Тегтер