Қаң 19, 2024 20:17 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Седдиқи: "Сақшылар корпусының лаңкестердің штаб-пәтеріне жасаған шабуылы Иранға қастық ойлаушыларға еш жерде қауіпсіз орын жоқ екенін көрсетті",-деді.

Седдиқи: "Сақшылар корпусының лаңкестердің штаб-пәтеріне жасаған шабуылы Иранға қастық ойлаушылардың барлығына ескерту болды. Егер Иранға қарсы қылмыс жасаса, олар үшін еш жерде қауіпсіз орын жоқ",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері: "Өте дәл жүзеге асырылған бұл қаһармандық шабуыл Сақшылар корпусы мен Қарулы күштер тарихына алтын парақ қосты",-деді.

Седдиқи Сақшылар корпусын елдің қауіпсіздігін қорғап жатқан халықтың білегі деп атап: "Сақшылар корпусының бұл әрекеті Иран халқының атынан жасалды және қастық ойлаушылардың барлығына ескерту болып саналады",-деді.  

Тегтер