Қаң 20, 2024 17:11 Asia/Almaty
  • Иран мен Нидерланды сыртқы істер министрлерінің сұхбаты екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтағы оқиғаларға арналды

ИИР  мен Нидерландының сыртқы істер министрлері жұма күні кешкі телефон сұхбатында екіжақты қарым-қатынастардың соңғы жағдайы мен аймақтағы өзгерістер туралы пікір алмасты.

 

 

IRNA хабарлауы бойынша, Нидерланды Сыртқы істер министрі Ханеке  Брунс Слоат Ирактың Күрдістан аймағында лаңкестерге қарсы жасалған шараға қатысты өз елінің ұстанымына сілтеме жасап, екі жақтың ұстамдылық қажеттігін қуаттады.

Амирабдуллахиан ИИР-ның Ирактың егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуіне және Теһран мен Бағдад арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың болуына сілтеме жасап: «Ұлттық қауіпсіздікті қызыл сызық ретінде сақтау Иран Ислам Республикасының басымдығы болып табылады және оған жол беруге болмайды",- жеп қуаттады. Ол Нидерланды тарапының мәлімдемелеріне жауап ретінде: "Ирактың солтүстігіндегі Моссад лаңкестерінің штаб-пәтерінде баланың өлтірілгені туралы құжатымыз жоқ, бірақ біз Нидерланды үкіметінің назарын Газадағы мыңдаған палестиналық әйелдер мен балалардың геноцид пен қырғынға аударамыз",- деді.

 

Тегтер