Қаң 20, 2024 18:28 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Теһран мен Исламабадтың лаңкестермен күресудегі бірлескен ынтымақтастығына тоқталды

Иран Сыртқы істер министрі Пәкістандағы лаңкестердің лагерлерін жою үшін ортақ ынтымақтастық қажет деп санады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Хұсейн Амирабдуллахиан Пәкістан Сыртқы істер министрі Джалил Аббас Джилани  телефон қоңырауына жауап беріп, Иранның Пәкістанның досы, бауыры және көршісінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейтінін қуаттап: "Пәкістанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына Теһран қатты алаңдайды және Пәкістандағы лаңкестік лагерьлерді залалсыздандыру және жою үшін екі елдің ынтымақтастығы қажет",- деді.

Амирабдуллахиан Иранның жақында Раск полиция бөлімшесіне жасалған шабуылды өз мойнына алған «Джейш әл-Зұлым» тобына қарсы лаңкестікке қарсы операциясына тоқталып: "Бұл жедел әрекет Иран қауіпсіздік күштерінің шұғыл міндеттеріне сәйкес және Иран күштерінің дер кезінде әрекет етуімен сәтсіз болған лаңкестік қауіп-қатерді залалсыздандыру үшін қажет болды",- деп мәлімдеді.

Джалил Аббас Джилани екі елдің лаңкестікпен күресудегі ортақ мақсаттарына да тоқталып:"Лаңкестікпен күресудегі ортақ көзқарас екі ел ынтымақтастығының өзегі болып табылады және Пәкістан әрқашан Иранмен бауырластық және сындарлы қарым-қатынастарға баса назар аударып, егемендік пен аумақтық тұтастық құқығы әрқашан Исламабадтың елеулі алаңдаушылығы болып табылады",- деді.

 

Тегтер