Қаң 22, 2024 17:12 Asia/Almaty
  • Әлем шиіттерінің тоғызыншы имамының туған күні құтты болсын!

Дүйсенбі, х.қ.ж.с.б. 1445 жыл 10 ережеп, сәйкесінше 2024 жыл 22 қаңтар – әлем шиіттерінің тоғызыншы имамы Мұхеммед Тақидың туған күні.

Имам Мұхеммед Тақи (ғ.) х.қ.ж.с.б. 195 жылы 10 ережепте Мәдина қаласында дүниеге келген. Ол әкесі әрі әлем шиіттерінің сегізінші имамы Реза (ғ.) қайтыс болғаннан кейін мұсылмандарды басқару міндетін мойнына алған.

Имам Мұхеммед Тақидың(ғ.) лақап аты – Джавад ул-айеме.

Имам Реза (ғ.) өз ұлы Джавадтың орны туралы: "Менде ғылым теңіздерін Мұсадай кесіп өтетін ұл бар",-деген.

Имам Джавад (ғ.) 8 жасында имам болды, 17 жыл имамдық қызмет атқарған.  Яғни бұл кісінің имаматтығы балалық шағында басталып, жастық шаққа дейін жалғасқан.

Иранның мұсылман халқы имам Мұхеммед Тақидың (ғ.) туған күнінде қасиетті орындарға, әсіресе имам Резаның (ғ.) кесенесіне барып, тойлайды.   

Тегтер