Қаң 22, 2024 18:01 Asia/Almaty
  • Раиси: Сионистердің лаңкестік әрекеттері халықтың назарын Газадағы қылмыстардан алшақтату үшін жасалып отыр

Иран Президенті сионистік режимнің лаңкестік әрекеттер жасау себебін бұл режимнің өзі жариялаған мақсаттарға жете алмауы деп атап: "Сионистер аймақ пен әлем халықтарының назарын өзінің Газада жасаған нәтижесіз қылмыстарынан алшақтату үшін осындай әрекетке барады. Бірақ мұндай амалдардың да сәтті болмайтыны анық",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси үкіметтің кешегі жиналысында Сирияда Иранның 5 әскери кеңесшісінің қаза тапқанына байланысты көңіл айтып, сионистік режимнің мұндай лаңкестік әрекеттер жасауының себебін оның өзі жариялаған мақсаттарға жете алмауынан туындаған әлсіздігі мен сергелдеңі деп атап: "Сионистер аймақ пен әлем халықтарының назарын өзінің Газада жасаған нәтижесіз қылмыстарынан алшақтату үшін осындай әрекетке барады. Бірақ мұндай амалдардың да сәтті болмайтыны анық",-деді.

Иран Президенті "Сорайя" жерсерігінің жерден 750 км қашықтықтағы орбитаға сәтті ұшырылып, алғашқы сигнал алынғанына тоқталып, елдің әуе-ғарыш саласындағы мамандардың бәріне алғыс айтып, осы сәтті ұшыруды ел үшін үлкен жетістік деп атап: "Бұл жоба сан рет кешіктірілді. Бірақ әуе-ғарыш өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты кейінгі күндері жүзеге асырылды",-деді.

Тегтер