Ислам революцияcы жетекшісі: Ислам елдері сионистік режиммен саяси және экономикалық байланыстарын үзуі керек
(last modified Tue, 23 Jan 2024 11:47:16 GMT )
Қаң 23, 2024 17:47 Asia/Almaty
  • Ислам революцияcы жетекшісі: Ислам елдері сионистік режиммен саяси және экономикалық байланыстарын үзуі керек

Ислам революцияcы жетекшісі ислам елдерінің сионистік режиммен саяси және экономикалық байланыстарын үзуі керектігін қуаттады.

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін таңертең (сейсенбі, 23 қаңтар) Теһранның 24 мың шәһидтері конгресінің белсенділерімен кездесуінде ислам елдері басшыларының Газа мәселесіне қатысты әрекеттерін сынап: "Кейде Ислам елдері шенеуніктерінің ұстанымдары мен мәлімдемелері қате болады. Өйткені олар Газадағы атысты тоқтату сияқты, олардың бақылауынан тыс және зұлым сионистік дұшпанның қолында болған мәселе туралы айтады. Ислам елдерінің лауазымды тұлғалары өз құзырындағы мәселелер бойынша әрекет етуі керек. Ислам елдері басшыларының құзырындағы мәселе – сионистік режимнің өмірлік маңызы бар күре тамырларды кесу. Ислам елдері сионистік режиммен саяси және экономикалық байланыстарын үзіп, бұл режимге көмектеспеуі керек",- деп мәлімдеді.

Ислам революцияcы жетекшісі: "Ислам елдері басышларының орынсыз әрекеттеріне қарамастан және барлық қиындықтарға қарамастан, Құранда айтылғандай, Алла Тағала мүміндермен бірге және Алла қайда болса, сонда жеңіс болады. Газа халқының жеңісі сөзсіз. Алла Тағала бұл жеңісті жақын арада Ислам үмбетіне көрсетіп, мұсылмандардың, әсіресе Палестина мен Газа халқының жүректері қуанышқа бөленеді",- деп баса айтты.

 

Тегтер