Иран мен Гана президенттері ақпарат отырысын өткізді
(last modified Sun, 14 Feb 2016 15:42:31 GMT )
Ақп 14, 2016 21:42 Asia/Almaty
  • Иран мен Гана президенттері ақпарат отырысын өткізді

ИИР президенті Иранның африкалық елдермен ынтымақтастық жасауға зор мән беретінін мәлімдеді.

Иран президенті Хасан Рухани жексенбі күні Иран мен Гана арасында ынтымақтастық құжатына қол қойылған соң Гана президенті Джон Драмани Махамамен өткізген ортақ ақпарат отырысында: «Ауылшаруашылығы мен стандарт салаларында ынтымақтастық құжаттарына қол қоюмен қоса, мұнай мен энергия, сот саласындағы әріптестік, жаңартылатын энергия мен какао өндіру негізінде де меморандумдар жасалып, мәдениет, ғылым және қызметтік негіздерде де келіссөз жүргізілді» деді.

Иранның халықаралық «Хабар» арнасының ақпарат тарату торабының мәлімдеуі бойынша, ИИР президенті Иранның «Өркендету» жиһадының Ганада тындырған шараларына сілтеме жасап: «Ганада мектептер мен ирандық емханалар ашу ирандық қайраткерлер үшін құрметті әрі маңызды іс болды. Гана президенті де соған сілтеме жасады.

Палестина тақырыбы мен осы елдің халқына жасалып жатқан зорлық-зомбылық Гана президентімен сұхбаттасуда талқыға салынған келесі тақырып болды» деп мәлімдеді.

Гана президенті Джон Драмани Махама Иранмен ынтымақтастық құжатына қол қойылған соң Иранды алпауыт елдермен келіссөздерде көрсеткен күшті дипломатиясымен құттықтап, өзінің Иранға келуін мақтаныш ететінін айтып, нәсілшілдікпен күресте Иранның әрдайым Африканың езгіге түскен халқына демеуші болғанын қуаттады.