Maм 16, 2016 15:24 Asia/Almaty
  • Рухани Иранның шетелдердегі елшілерінің алдында сөз сөйледі

ИИР Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын Иран үкіметінің әлеммен келісімге келу және экономикалық алға ілгеру салаларындағы сыртқы саясатының тек бір бөлімі деп атады.

Иран Президенті Хасан Рухани жексенбі күні «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және қарсыласу экономикасы: мұрсаттар мен мүмкіндіктер» деп аталған конференцияда Иранның шетелдердегі елшілері және өкілдерімен кездесуінде ядролық мәселеге қатысты келіссөздердің табысты нәтижелеріне тоқталып: «Соңғы онжылдықтарда шиеленісті мәселелер туралы алпауыт елдермен келіссөздер жүргізіп, нәтижеге жеткен елдер аз болды.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы екінші жақтың барлық міндеттемелеріне табанды болғаны немесе келешекте табанды болады деген мағынаны білдірмейді. Иран қарсыласумен бірге орынды кеңістік орнату, ынтымақтастықтарды кеңейту және екінші жаққа қысым көрсету арқылы оларды өз міндеттемелерін толық орындауға мәжбүрлеуі керек. Бүгін барша Иранның ядролық жұмыстарының халықаралық қарарларға сай болып, рұқсатпен ядролық орталықтарда іске асырылуын мойындайды. Бүгінде Иран халықаралық қоғамның сенімді серіктесі. Әлем мемлекеттері дұшпанның үгіт-насихаттарына қарсы әр тұрғыдан Иранның жағдайына сенім артуда»,- деп баса айтты.

Тегтер