Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 27 Jan 2024 09:38:28 GMT )
Қаң 27, 2024 15:38 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Сионистік режим Газа секторында бірде-бір мақсатына жете алмай, жеңіліс тапты",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран жұма намазының құтпагері Мұхаммед Джавад Хадж Әли Акбари Газа секторындағы өзгерістерге тоқталып: "Әл-Ақса дауылы" операциясының басталғанынан 110 күн өткеннен кейін сионистік режим мен оның демеушілерінің жеңіліс тауып, Палестина күрескерлері мен Газа халқының жеңіске жеткені туралы хабарлар тарап жатыр",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері сионистік режимнің Газада бірде-бір мақсатына жете алмағанына тоқталып: "Палестина халқы табанды қарсы тұрып, сионистік режимге ауыр адам және материалдық шығын келтірді",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ Иранның Мәжілісіне және Эксперттер кеңесіне сайлаулардың өтетініне тоқталып: "Иран халқы кең түрде қатысу арқылы дұшпандардың қастандықтарын залалсыздандырады. Өйткені сайлауға қатысу – ұлттық, исламдық және жалпыхалықтық міндет",-деді.

Хадж Әли Акбари дұшпандардың Иранда жуырда өтетін сайлауға күмән тудыруға талпынып жатқанын айтып: "ИИР-да сайлау – әлем бойынша ең сау өтетін сайлаулардың бірі. Өйткені сайлау халықтық сипатқа ие",-деді.