Қаң 28, 2024 14:21 Asia/Almaty

Иранның Луристан облысының орталығы Хоррамшахр қаласында орналасқан "Фалак ул-Афлак" қамалының "Гүлістан бағы" атты ауласында ирандық этностардың мәдениеті мен тағамдарын көрсетуге арналған ұлттық фестиваль өтіп жатыр.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылдың 25 қаңтары мен 3 ақпаны арасында "Фалак ул-Афлак" қамалының "Гүлістан бағы" атты ауласында он күн бойы Иранның текті өнері мен мәдениетін көрсету мақсатында фестиваль өтеді. Фестивальде жергілікті әдет-ғұрыптарды сақтау, Луристан облысында туризмді дамыту да көзделген.  

Луристан облысының табиғаты әдемі, көрнекті жерлері көп. Бұл облыс Иранның батысындағы маңызды туристік мақсаттардың бірі саналады және "Иранның сарқырамалар астанасы" деген атпен танымал.

Луристан облысы көктем мен жаз мезгілдерінде айрықша әдемі. Тауларда сарқырамалар көп, ауа райы қолайлы, жап-жасыл табиғаты ерекше көз тартады.

Тегтер