Амир Абдуллахиан: Көпқырлылық – әлемдік мәселелерді шешуге тиімді механизм
(last modified Sun, 28 Jan 2024 10:35:12 GMT )
Қаң 28, 2024 16:35 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Көпқырлылық – әлемдік мәселелерді шешуге тиімді механизм

Иран Сыртқы істер министрі: "Көпқырлылық – халықаралық мәселелер мен қиыншылықтарды шешуге тиімді механизм",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан "Иранның қарым-қатынасы тарихындағы көпқырлылық" атты жетінші конференцияда: "Қазіргі таңда халықаралық қауымдастық бір саяси дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл дағдарыс 21 ғасырдағы адамзат баласының гуманитарлық ұрандарын сынап жатыр. Халықаралық қауымдастық осы сынақтан қалай өтетін көруіміз керек",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Сионистік режимнің Газа тұрғындарына қарсы ауқымды соғыс қылмыстарын жасап жатқанына төрт айға жуық уақыт болды. Әлем халықтарының көз алдында Израиль Газа халқын қырып-жойып, секторды қоршауға алып, палестиналықтарды мәжбүрлі түрде көшіріп, геноцид жасап жатыр",-деді.  

Амир Абдуллахиан: "Батыс елдерінің қылмыскер әрі заңсыз режимді көз жұма қолдаудағы біржақтылығы адамзат баласының халықаралық құқық және көпқырлылық саласындағы жетістіктерінің бәрін еш етті",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Көпқырлылық – бір мұрсат. Егер ынсаппен қарасақ, оның механизмдері кей жағдайда адамзат баласына көмектесіп, қырып-жою мен зорлық-зомбылық жасауға тосқауыл қояды",-деді.