Қаң 29, 2024 17:26 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Иранның өндірістік мүмкіндіктері көрмесін тамашалады

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи имам Хомейни (р) атындағы діни орталықта өтіп жатқан Иранның өндірістік мүмкіндіктері көрмесін тамашалады.

Биылғы көрменің ең маңызды ерекшелігі іргелі ғылымға негізделген компаниялардың ішкі өндірісін қамтамасыз ету тізбегі болды.  

Бұл көрмеде іргелі ғылымға негізделген компаниялар энергетика, мұнай және мұнай-химия, көлік жасау, кен және металлургия, коммуникация, ақпараттық технология және жерсерік жасау, азық-түлік және ауыл шаруашылығы, медициналық жабдықтар, қолөнер бұйымдарын жасау, әуе, теңіз, темір жол және тас жол тасымалы, текстиль, үй және тұрмыс заттары салаларында соңғы жетістіктері мен өнімдерін жұрт назарына ұсынды.

Іргелі ғылымға негізделген компаниялар мұнай ұңғыларын бұрғылауға және мұнай-химия зауыттарына қажет құралдар мен катализаторлар жобалап жасаудағы мүмкіндіктерін көрмеде көрсетті.

Электр қуаты мен электр стансалар саласында жұмыс істейтін іргелі ғылымға негізделген компаниялар да осы көрмеде өз жетістіктерін таныстырды.

Көрмеге электр көліктер мен мотоциклдер және оларды қуаттайтын аппараттар, жанармайды аз тұтынатын оңтайландырылған көлік қозғалтқыштары да қойылды.

Бұл көрмеде әртүрлі салаларда жұмыс істейтін ірі өнеркәсіптік компанияларын іргелі ғылымға негіздеу бағдарламалары түсіндірілді.

Осы көрменің тағы бір бөлігінде болат өнеркәсібі мен мыс сияқты кен орындарда жұмыс істейтін іргелі ғылымға негізделген компаниялардың мүмкіндіктері таныстырылды.

Тегтер