Ислам революциясының жетекшісі "Фаджр" онкүндігігің қарсаңында имам Хомейни (р.а.) қасиетті кесенесі мен Шәһидтер зиратына барды
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Ислам революциясы жеңісінің онкүндігінің ("Фаджр" онкүндігігің) қарсаңында бүгін таңертең (сәрсенбі) имам Хомейни (р.а.) қасиетті кесенесі мен Шәһидтер зиратына барды.
Аятолла Хаменеи сондай-ақ 1360 жылы 7 тир оқиғасы - премьер-министр кеңсесінің жарылысында шәһид болғандардың қабірлеріне де барып, шәһид болған Бехешти, Раджаи, Бохонар мен олардың шәһид серіктерін еске алды.
Ислам революциясының жетекшісі Ислам революциясының, 8 жылдық қасиетті қорғаныс жылдары және қасиетті кесенені қорғауға қатысқан шәһидтерінің қабірлеріне де барды. Аятолла Хаменеи қабірлерін зиярат еткен шәһидтер арасында жуырда сионистік режимнің Дамаскіге жасаған шабуылында шәһид болған Мұхаммад Амин Самади де бар.