Ақп 01, 2024 17:23 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясының

Бүгін, бейсенбі х.ш.ж.с.б. 1402 жыл 12 бахманда, сәйкесінше 2024 жыл 1 ақпанда Иран Ислам революциясының "Фаджр" онкүндігі басталды.

45 жыл бұрын осындай күнде, яғни х.ш.ж.с.б. 1357 жыл 12 бахманда (1979 жыл 1 ақпанда) ИИР-дың негізін қалаушы хазірет имам Хомейни (р.) 15 жылдық қуғыннан кейін халықтың ыстық ықыласына бөленіп, Иран жеріне аяқ басты.

Имам Хомейнидің (р.) Иранға келгенінен он күн өткен соң, яғни х.ш.ж.с.б. 1357 жыл 22 бахманда (1979 жыл 11 ақпанда) елде Ислам революциясы жеңіске жетті.  

Сол себепті Имам Хомейнидің (р.) Иранға келген күнінен Ислам революциясы жеңіске жеткен күнге дейінгі аралық (1-11 ақпан) "Фаджр" онкүндігі деп аталып, жыл сайын осы он күнде Ислам революциясының жеңісіне арналған мерекелік шаралар өтеді.

Тегтер