Раиси: Ислам әлемінің басты мәселесі – Палестина мен қасиетті Құдсты азат ету
(last modified Thu, 01 Feb 2024 11:49:31 GMT )
Ақп 01, 2024 17:49 Asia/Almaty
  • Раиси: Ислам әлемінің басты мәселесі – Палестина мен қасиетті Құдсты азат ету

Иран Президенті Ислам әлемінің басты мәселесін Палестина мен қасиетті Құдсты сионистік режимнің қолынан азат ету деп атады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні Ислам революциясының жеңісіне 45 жыл толу қарсаңында имам Хомейни(р.) мен революция шәһидтерінің арман-мақсаттарына адалдықты қайта растау рәсімінде: "Имам Хомейни(р.) айтқандай, узурпатор сионистердің жалған режимі жойылады. Қазіргі жағдайға қарасақ, күн өткен сайын осы сөздің орындалатын кезіне жақындап қалғанымызды көреміз",-деді.  

Раиси имам Хомейнидің (р.) мұрасын үстемшілдікке қарсы өмірі деп атап: "Бұл революция әлемнің түкпір-түкпірінде өзінің үстемшілдікке қарсы позициясын сақтап қалды. Қазіргі таңда үстемшілдік пен сионистік режимге деген жиіркеніш әлемде бұрыннан да көп",-деді.

Иран Президенті: "Иран халқы дұшпанды түрлі салаларда сәтсіздікке ұшыратып, әлемге жаңа өркениеттің негіздері мен көрсеткіштерін ұсынды. Имам Хомейни(р.) негізін қалаған өркениет қазір Иран мен аймақта орнаған. Ол діни құндылықтарға негізделіп, заманауи адамның өмір салтына әсер етті",-деді.