Ақп 03, 2024 18:13 Asia/Almaty
  • Иран Президенті елдің ғарыштық жетістіктері көрмесін аралады

Иран Президенті Ұлттық ғарыштық технологиялар күнін мерекелеу аясында елдің мүмкіндіктері мен соңғы ғарыштық жетістіктері  көрмесін аралады.

 
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси бүгін сенбі күні таңертең Ұлттық ғарыштық технологиялар күнін мерекелеу орнына келгеннен кейін елдің соңғы ғарыштық мүмкіндіктерінің егжей-тегжейлері туралы хабардар болды.

Бұл көрмеде Иранның ғарыш саласының соңғы жетістіктері ретінде   «Зафар 2», «Нахид 2» жерсерігінің ұшу үлгісі және «Саман 1» орбиталық трансфер блогының ұшу үлгісі таныстырылды. Осы хабарға сәйкес, бір аптадан аз уақыт ішінде «Симорғ» жерсеріктік тасымалдаушысы арқылы «Махда» жер серігі мен екі ғарыштық жүк жер бетінен 450 км қашықтықтағы орбитаға орналастырылды.

Бұл эллиптикалық орбитаның ең аз биіктігі 450 км және максималды биіктігі шамамен 1100 км. Осыдан бірнеше күн бұрын «Қаим 100» спутнигі «Сория» жер серігін 750 шақырым орбитаға орналастыра алды, бұл рекордтық көрсеткіш.

"Махда" және "Сорая"  жерсеріктерін Иран ғарыштық зерттеу институты жасаған.

  

 

Тегтер