Ислам революциясы жетекшісі айыпталған 2827 адамға амнистия жариялауға немесе жазаларын жеңілдетуге келісім берді
Ақп 07, 2024 17:35 Asia/Almaty
Исламның ұлық пайғамбарының Беғсаты, Ислам революциясы жеңісі күні және шағбаг айындағы мерекелерге орай аятолла Хаменеи қоғамдық және революциялық соттар, Қарулы күштердің сот ұйымы мен санкциялар салатын үкіметтік ұйым тарапынан айыпталған бірқатар адамға амнистия жариялауға немесе жазаларын жеңілдетуге келісім берді.
Ислам революциясы жетекшісі баспасөз кеңсесінің мәліметінше, Сот билігі басшысының хатында қоғамдық және революциялық соттар үкімімен сотталған 2827 адамға амнистия жариялау немесе жазаларын қысқарту және жеңілдету туралы сұралды.
Тегтер