Ақп 07, 2024 18:49 Asia/Almaty
  • Иран мен Катар сыртқы істер министрлері Газадағы атысты тоқтату бастамаларын талқылады

Иран мен Катардың Сыртқы істер  министрлері Газаға қарсы соғысты тоқтатуға бағытталған талпыныстар мен саяси қозғалыстардың соңғы жағдайын және атысты тоқтату туралы ұсынылған бастамаларды талқылады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан мен Катардың Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммад бен Абдулрахман бен Джасим Әл Тани кеше (сейсенбі) аймақ пен Палестинадағы соңғы өзгерістерге байланысты телефон арқылы сөйлесті. Бұл телефон сұхбатында Газаға қарсы соғысты тоқтатуға бағытталған әрекеттер мен саяси қозғалыстардың соңғы жағдайы және атысты тоқтату, тұтқындарды айырбастау және Газа халқына халықаралық гуманитарлық көмек жөнелтілімдерін жіберу үшін ұсынылған бастамалар талқыланды.

Сондай-ақ тараптар Катарда өтіп жатқан Азия ұлттары кубогының жартылай финалдық кезеңіндегі екі елдің футбол құрамаларының бүгінгі кездесуіне тоқталып, өз елдерінің футбол құрамаларына сәттілік тіледі.

 

Тегтер