Ақп 11, 2024 21:48 Asia/Almaty
  • 22 Бахман шеруінің қарары: Иран Ислам революциясы тиранияға қарсы және қарсыласу туралы пікірді кеңейтті

22 Бахман шеруіне қатысушылар былай деп мәлімдеді: "Иранның Ислам революциясы өзіне тән билігімен Ислам үмбетіне жаңа рух енгізіп, тиранияға қарсы және қарсыласу туралы пікір өрісін кеңейтті".

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 22 Бахман  шеруінің соңында қатысушылар Иран Ислам революциясы имам Хомейни (р.а.) мен Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісінің идеалдарымен келісімді жаңартқан қарар қабылдап: "Иранның Ислам революциясы өзіне тән билігімен тиранияға қарсы пікірлесу және қарсыласу туралы өрісі мен стратегиялық қарсыласу алаңдарын кеңейту арқылы исламдық ұлттың денесіне жаңа рух енгізді. Исламдық Иран географиясы адамзат қоғамы үшін жаңа тарау ашты .Оған «билік геометриясы мен жаңа жаһандық тәртіптің» пайда болуы уәде етілген",- деп жариялады.

Бұл қарарда қатысушылар діни билік осі мен революцияның жоғары жетекшісінің айналасындағы бірлік және ұлттық келісімді сыртқы жаулар мен ішкі зұлымдардың қастандықтарымен. туындаған дағдарыстар, фитналар мен сынақтарды жеңудегі исламдық Иранның жеңісінің негізгі кепілі және қозғаушы күші деп атады. Осы қарардың жалғасы ретінде 22 Бахман шеруіне қатысушылар Иранның дұшпандарына кез келген есеп қателерінен және ирандықтардың қызыл сызығы болып табылатын бұл аймақты әлсіретуді немесе шабуыл жасауды армандаудан аулақ болуды ескертті.  

22 Бахман шеруінің қорытынды қарарының жалғасында былай делінген: "«Әл-Ақса дауылы» операциясының тамаша және тарихи жеңісі мен сионистік режимнің орны толмас сәтсіздігін еске алып, Иран халқы Газадағы бүгінгі қайғылы оқиғаны адамзаттың қасіреті деп санап, қазіргі әлемдік тәртіптің тиімсіздігі мен жарамсыздығын көрсетеді".

 
 
 

 

 

Тегтер