Иран сионистік режимнің Рафахқа жасаған әуе шабуылдарын айыптады
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани сионистік режимнің Рафах қаласының тұрғын аудандарына жасаған қылмыстық әуе шабуылдарын айыптады.
Дүйсенбі күні таңертең сионистік режимнің Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына қарсы шабуылдары мен бомбалауларында 100-ге жуық адам шәһид болып, кейбірі жараланды. Сондай-ақ ақпарат көздері құрбандардың көпшілігі әйелдер мен балалар екенін хабарлады.
Иран Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани Рафахтың бір миллионнан астам палестиналық босқынды қабылдауына сілтеме жасап, сионистік режимнің Рафахқа басып кіру және осы аймаққа құрлық шабуылын жасау қаупін білдіру әрекетінің гуманитарлық апатқа және қорғансыз Палестина халқына қарсы тағы бір әскери қылмысқа себеп болуы мүмкін екенін ескертті.
Иран СІМ-гінің баспасөз хатшысы осы айуандық әрекеттің қауіпті салдары туралы ескерту жасап, сионистік режимнің геноцид қылмысының жалғасуына алаңдаушылық білдіре отырып, былай деп қосты: " Қазір Америка мен сионистердің басқа да батыстық одақтастары аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатысты алаңдаушылықтарын шынайы түрде білдіретін болса, сионистік биліктің Палестинаның қорғансыз халқын өлтірудегі ақылсыз әрекеттерін тоқтату үшін дереу әрекет етуінің уақыты келді".