Ақп 14, 2024 21:17 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами: Ешбір агрессияны жауапсыз қалдырмаймыз

Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Бізге басқыншылық жасалған жерде біз жауапсыз қалдырмадық, бұдан былай да жауап беретін боламыз. Кей жағдайда мұны жарияламауымыз мүмкін",-деді.

Генерал-майор Хұсейн Салами бүгін таңертең Бушердің Парсы шығанағы университетінде "Жүрдек кемелер" атты ұлттық форумда сөйлеген сөзінде қазір таңда Иран жастарының түрлі жерсеріктерді орбиға шығарып жатқанын айтып: "Бір күні тек қағаз жүзінде іс атқаруға рұқсатымыз болды, бірақ қазір басқа елдердің рұқсатынсыз-ақ жерсерікті орбитаға шығарамыз",-деді.

Генерал-майор Салами күш-қуаттың жалғыз өзі жеткілікті емес екенін айтып: "Иран ерікке де, құдіретке де, стратегияға да ие. Сол себепті мықты Иран құру керек. Ислам революциясының жетекшісі мықты да айбынды Иран құруға тапсырма берген",-деді.

Сақшылар корпусының бас қолбасшысы елдің күш-қуатын ынсаппен пайдалану керегін айтып: "Мықты болу біздің әрдайымғы жолымыз. Бақуатты өмір сүруіміз керек. Өйткені алыс-жақын тарихтан үйренгеніміз бойынша әлсіздер тек басқаладың ерік-жігерімен әрекет етеді. Сондықтан егер мықты болғымыз келсе, теңіздің ең алыс жерлерінде қызмет етуіміз керек",-деді.

Тегтер